Хадисте Әбу Һұрайра Пайғамбарымыздың дәрет алған мүшелерінің жарқырағанын сипаттау мақсатында «ғурреә мухажәлиин» «маңдайлары жарқыраған» деген теңеу қолданылған. Әбу Һұрайра хадисті «дәрет мүшелерінің көбірек жарқырауы үшін оларды молынан жуыңдар» деп толықтырады. Пайғамбарымыздың хадисінде айтылған мән-жайдың тереңіне өзгеше бір қырынан бойлап, Алланың құзырында абыройлы болу мақсатында дәретті ұқыптап алатын.